Жолдар және көлік

5 айда жарамсыз болып қалған веложол

  5 айда жарамсыз болып қалған веложол

       Шымкентте 1,5 миллиард теңгеге салынып, 2021 жылдың күзінде пайдалануға берілген жаңа веложол бүгінде астаң-кестеңі шығып, жарамсыз күйге түскен. Көп тұсы опырылып, экстремалды спорт алаңын елестетеді.

       Қараша айында қолданысқа берілген веложолдың ұзындығы 2,2 шақырым. Жалпы жобаға 1,6 миллиард теңге жұмсалған. Бұл қаржыға төрт жолақты асфальт жол, жарық, веложол мен жаяу жүргінші жолы кіреді. Шымкент қаласы әкімдігінің мамандары жол салар алдында жер қабатының тығыздығы талапқа сай болғанын айтады. Қабылдап алу барысында да сын-ескертпе болмаған. Алайда веложол салу барысында кәріз жүйесінің құрылысы қабаттасқанын мойындап отыр.

       «Бізге 3 жылдық кепіл хат ұсынған. Қайтадан отырулар пайда болатын болса, бетіндегі асфальт қабаты болсын, өрнек тастар болсын, бәрін өзіміз қалпына келтіріп береміз деген», – дейді Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Лесов.

       Жол құрылысымен қабаттасқан кәріз жүйесін тартуға қалалық әкімдіктің жауапты басқармасы кешеуілдетуге болмайтын құрылыс болғандықтан рұқсат бергенін айтады. Сондықтан, бәріне кінәлі мердігер емес, толассыз жауын-шашын деп отыр.

       Aikyn.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру