Жыл басынан бері ел аумағынан рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 3 411 орын анықталды. Оның 1 243-і жойылды, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Рұқсат етілмеген жерде қоқыстардың пайда болуымен күрес жалғасып жатыр. Жыл басынан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингі арқылы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 3 411 орын анықтылды. Оның ішінде 1 243-і жойылды», - делінген министрлік ақпаратында.
Заңсыз тасталатын қоқыспен күресте Қарағанды, Қызылорда облысы және Шымкент қаласы белсенді. Ал, ШҚО, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облысында төмен жұмыс нәтижесі байқалады.
«Жалпы, республика бойынша қоқысты рұқсат етілмеген жерде тастау деңгейі - 36%. Бұл бағыттағы жұмыс жандандырылады», - дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Осы орайда, Экология министрлігі заңсыз қоқыс тастауға қатысты WasteEdit және wasteviewer мобильді қосымшасының жұмыс істейтінін жеткізеді. Толық ақпаратты «Қазақстан Ғарыш Сапары» сервистерінен https://waste.gharysh.kz сілтемесі арқылы, геосервистен http://oko.gharysh.kz сілтемесі арқылы және «Oko KZ» мобильді қосымшасынан көруге болады.
Фото: twitter.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через