Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 25 қазан Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өтуді қолдады.
Республика күнін қайтаруды Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ұсынған. Енді оған «ұлттық мереке» деген мәртебе беріледі. Сөйтіп, осы күні думанды шаралар өтеді.
Ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелер қатарында қалады. Депутаттар Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістерге сәйкес, Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды да қолдады.
Фото: mirtesen.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через