23 қыркүйекте Алматының 30 мың көрермен сыятын Орталық стадионында Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтеді. Басталуы сағат 20.00.
Димаш Құдайбергеннің оңтүстік астанадағы алғашқы жеке концертін тамашалауға әлемнің 68 елінен жанкүйер келді.
Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам адам, 400 волонтер жұмылдырылған.
Димаш барлығы 31 композицияны тыңдармандар назарына ұсынады.
Осы ән кешінде Димаш алғаш рет інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған әнді орындайды.
Шоу барысында әртісті оның бэнд-тобы сүйемелдейді.
Концертке үлкен халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысады.
Қазір Орталық стадионда ертеңгі концертке дайындық қызу жүріп жатыр.
Ал сенбі күні, 24 қыркүйекте, Димаш Құдайберген "Алматы Арена" кешенінде сағат 21.00 жанкүйерлерімен кездеседі.
Фото: YouTube
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через