фото: https://www.google.com/
Семей тұрғындарын қала алаңдарында орнату үшін әкімдік сатып алған екі жаңа шыршаның бағасы таң қалдырды. Әлуметтік желіде осы екі шыршаның құны белгілі болды. Шыршалар үшін бюджеттен 23 миллион теңге жұмсалған. Семейліктер әкімдік сатып алған шыршалар бағасына татымайтынын айтуда. Қалалық ТКШ бөлімі семейліктердің бұл сынына өз жауаптарын берді.
Семей әкімдігінің ТКШ бөліміндегілер жасанды шыршалар Мәскеуден сатып алынғанын жеткізді. Олардың бірінің биіктігі – 19 метр, екіншісі – 18 метр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сатып алудың жалпы бағасына тек ағаштардың өзі ғана емес, шыршамен байланысты шығындар, оның ішінде безендірулер де кіретінін айтты.
Шыршалар келесі әшекейлерден тұрады: орталық алаңдағы шыршаның ұзындығы 200 см «Жұлдыз» тәжі, 10 метрлік жарықдиодты гирлянданың 200 данасы; 47 сантиметрлік «Жұлдыз» ойыншығы − 25 дана, 36 сантиметрлік «Жұлдыз» ойыншығы − 220 дана; 245 жұлдыз тәрізді қуат адаптері. Сонымен қатар, бұл бағаға Мәскеуден алдырту, яғни тасымал шығындары, сондай-ақ шыршаны құру мен салық шығындары кіреді», – деп хабарлады ТКШ бөлімінде.
Aiqyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через