фото: pixabay.com
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында 2030 жылға дейін 70 елді мекенді тасқыннан қорғайтын 20 су қоймасы салынатынын айтты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарайды.
«2030 жылға дейін 9 облыстың аумағында 20 жаңа су қоймасының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. 20 су қоймасын іске қосу халқының саны 137 мың адам болатын 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.
Сондай-ақ ол қазір министрлік 9 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатқанын атап өтті.
«Бұған қоса 9 облыстың аумағындағы 15 су қоймасын қайта жарақтау жұмыстары басталады. Бұл 75 мың адам тұрып жатқан 64 елді мекеннің су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Нұржан Нұржігітов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через