Мемлекет

2029 жылға қарай барлығы 20 жаңа түзеу мекемесі салынады

  2029 жылға қарай барлығы 20 жаңа түзеу мекемесі салынады

2029 жылға қарай барлығы 20 жаңа түзеу мекемесі салынады

Алдағы үш жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында төрт колония салу жоспарлануда. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген сөзінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

Жұмыс істеп тұрған түрмелер өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынды. Ішкі істер министрлігі басшысының айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесінің ғимараттары тозудың жоғары деңгейіне жеткен. Осы себепті соңғы екі жылда тозығы жеткен алты колония жойылды.

«Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жаңа колониялар салу мәселесі қарастырылуда. Алдағы үш жылда біз Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында осындай төрт мекеме салуды жоспарлап отырмыз. Әрбір колонияның сыйымдылығы 1,5 мың сотталғанға дейін болады. Осы колониялардың әрқайсысында арнайы индустриялық аймақтар қарастырылады – бұл аталған мекемелер аумағының шамамен 50 пайызын құрайды», - деді Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртудың жол картасын жүзеге асыру аясында барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 20 жаңа мекеменің құрылысы қарастырылған. Олар МЖӘ аясында 2029 жылдың соңына қарай салынады.

«Бірте-бірте отряд-казармадан камералық қызмет көрсетуге көшу қамтамасыз етілді. Қазір төрт мың сотталған осындай тоғыз мекеме бар.», - деп қосты министр.

Жалпы, Қазақстанда 80 түзеу мекемесінде 34 мың адам қамауда болса, олардың басым көпшілігі ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар.

 

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру