МӘМС жүйесі: қандай қызметтер тегін?

МӘМС жүйесі: қандай қызметтер тегін?

фото: depositphotos.com

       Елімізде екпені тегін алуға болады. Сондай -ақ, скринингтен өту, ауруханада ем қабылдау, тегін дәрі-дәрмекпен қамту, тіпті санитарлық авиациямен эвакуациялау - мұның бәрі медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктер жүйесіне кіреді. Оның үстіне кейбір қызметтерді алу үшін енді сақтандырылған мәртебесінің болуы міндетті емес. Қандай медициналық көмекті тегін алуға болады және мұндай көмек кімдерге көрсетіледі? 

       Қазақстанның кез-келген емханаларында скринингтік тексерулер тегін жүргізіледі. Кез келген адам артериялық гипертензия, глаукома, қант диабеті және онкологиялық аурулардың үш түрі - сүт безі, жатыр мойыны және колоректалды қатерлі ісіктің бар-жоғын тексерте алады.

       Сондай-ақ мемлекет сақтандырудың бар-жоғына қарамастан, медициналық көмек көрсетілетін аурулардың жеке тізімін бекіткен. Биыл оған әлеуметтік маңызы бар 11 ауру санаты енгізілді.

       Мемлекеттік кепілдіктер дәрі-дәрмектерді де қамтиды. Биыл оған 340 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Қазірдің өзінде 3,5 миллионға жуық қазақстандық дәрі-дәрмек алып үлгерді. Ал жергілікті ауруханларда қажетті ем-дом көрсетілмесе, санитарлық авиация қызметі жұмылдырылады.

       Биыл тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

       https://24.kz/kz/




 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз