Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

фото: Алматы әкімдігі

Алматының Наурызбай ауданында Alem Park маңында орналасқан, аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақты көркейту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың отбасымен демалуына, серуендеуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Саябақты көркейту барысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Аумаққа 200 ірі көлемді ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, 30 мыңға жуық бұта және 1,5 мың раушан гүлі егілді. Өсімдіктерді күтіп-баптау үшін автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды.

Фото: Алматы әкімдігі.

Саябақта жүргіншілер жолдары салынып, орындықтар мен жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ субұрқақ, «Отбасы» композициясы, перголалар мен балалар ойын алаңы қарастырылған.

Фото: Алматы әкімдігі.

Жаңа қоғамдық кеңістік Наурызбай ауданындағы тағы бір жайлы демалыс орнына айналып, көгалдандырылған аумақтардың көлемін арттырады.

Қазіргі уақытта көркейту жұмыстары соңғы кезеңде жүргізіліп жатыр. Саябақты тұрғындарға алдағы күндері ашу жоспарланған.

Фото: Алматы әкімдігі.

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз