25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Зейнеткерлерге Қарттар күніне орай 2,5 АЕК әлеуметтік төлем төленеді

Зейнеткерлерге Қарттар күніне орай 2,5 АЕК әлеуметтік төлем төленеді

фото: aikyn.kz

       Астананың 110 мыңнан астам зейнеткеріне Қарттар күніне орай төлем беріледі. Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.

       Астана қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санатын айқындау қағидаларына сәйкес, елордада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.

     Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынған тізімге сәйкес, әлеуметтік көмек 110 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткерді қамтиды.

      https://aikyn.kz/

       

 

 

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз