Заманауи білім ордасы балаға есігін ашты

Заманауи білім ордасы балаға есігін ашты

фото: almaty.tv

       Шұғыла шағынауданында №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

       340 балаға арналған кешенде 28 оқу кабинеті, робототехника, цифрлық сауаттылық, химия, физика және биологияға арналған арнайы сыныптар бар. Заманауи құралдар оқушылардың білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

       Балалардың дене шынықтыруына да жағдай жасалған. Мектепте спорт залы, бассейн, стадион, шығармашылық шеберханалар, 220 орындық акт залы мен амфитеатр жұмыс істейді.

       Жаңа ғимаратта қауіпсіздікке де мән берілген: бейнебақылау және Face ID жүйелері орнатылған. Мектеп оқушыларға жайлы білім алып, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін заманауи орта ретінде жұмысын бастады.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз