Түркияда мектеп оқушысы мылтықтан оқ атқан

Түркияда мектеп оқушысы мылтықтан оқ атқан

фото: https://pixabay.com/

Мектепте оған буллинг жасалды деген ақпарат бар

Түркияның Маниса провинциясында мектеп оқушысы мылтықтан оқ атып, 11 адамды жаралады.

Бұл оқиға бүгін таңғы уақытта Тургутлу қаласындағы кәсіби-техникалық лицейдің жанында болған. 15 жастағы мектеп оқушысы мылтықтан оңды-солды оқ жаудырған. 11 адам жараланды. Олардың ішінде екеуі ауыр жарақат алды.

Полиция күдіктіні ұстады. Қазіргі кезде қалалық прокуратура тергеу шараларын бастады.

Бұдан бөлек, мамандар жасөспірімнің мылтықты қайдан алғанын тексеруге кірісті. Мектепте оған буллинг жасалды деген ақпарат бар. Осы мәлімет те тексеріледі.

Ал Анкара прокуратурасы кейбір әлеуметтік желі қолданушыларына қатысты тергеуді бастады. Олар Тургутлудағы қарулы шабуылдан кейін араңдатушылық сипаты бар хабарламаларды таратқан.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз