Сәбиін далаға тастамаған қазақ бүгін неге өзгерді

Сәбиін далаға тастамаған қазақ бүгін неге өзгерді

фото: pixabay.com

Жамбыл облысында безбүйрек ана жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен еді. Қоғамда осы әлгі әйелдің әрекеті қызу талқыланып жатыр. 

Әлеуметтік желілерде біреулер ананың бұл қылығын сынаса, енді біреулер әйелдің жағдайына түсіністікпен қарауға шақырған.  

 Бүгінде баласын тастап кетіп жатқан көкек аналар қатары молайып барады. Қара басының қамы үшін бірі баласын басқаға сатса, енді бірі жүрегі селк етпестен қоқысқа тасайды. Бауыр еті баласын балалар үйіне өткізген жандар қаншама. 

Бұл жерде алдымен оқиғаның әлеуметтік жағы, яғни жағдайдың нашарлығы, бала бағу мүмкіндігінің, қаржының жоқтығы секілді мәселелер алдыңғы планға шығып жатыр. 

Ал  әкесі, шешесі барда, бейбіт заманда жетім қалған баланың тағдыры не болмақ?  

"Сапалы Қазақстан" порталының тілшілері "Тастанды бала тағдырына кім кінәлі?" деген сұрақты алға тартып, көпшілік арасында сауалнама жүргізген еді.  

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз