Алматы қаласының Әуезов ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
23–25 қыркүйек аралығында аудандық полиция басқармасы «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» акциясы аясында тұрғындарға қажетті байланыс нөмірлерін еске салып, қауіптің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізуде.
Есте сақтаңыз: 102 – полицияның жедел нөмірі. 111 – отбасы мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы. Ал 150 – балалар мен жастарға арналған сенім телефоны.
Егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе мұндай жағдайға куә болсаңыз, бейжай қалмай, дер кезінде көмекке жүгініңіз.
Өйткені отбасы қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі. Қауіп төнген жағдайда тиісті қызметтерге хабарласып, көмек сұраудан тартынбаңыз.