Қарағанды облысында егіске бөлінген 300 млн теңге жымқырылған

Қарағанды облысында егіске бөлінген 300 млн теңге жымқырылған

фото: сайт cgalfa.ru

Қарағанды облысында "Кең Дала 2" бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген кредит қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

2025 жылғы мамырда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалы мен "Рашан" ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыру мақсатында кредит беру туралы шарт жасалған. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ кепілдік берген.

"Шарт талаптарына сәйкес "Рашан" ЖШС-нің шотына 300 млн теңге кредит қаражаты аударылған. Кейін бұл қаражат егіс науқанына жұмсалатын шығындарды төлеу деген желеумен екі ЖШС-ге аударылған. Атап айтқанда, шамамен 148 млн теңге тұқым сатып алуға, тағы 152 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, оның ішінде жанар-жағармай мен еңбекақы шығындарына бағытталған", - делінген агенттік хабарламасында.

Алайда тергеу мәліметінше, іс жүзінде тұқым сатып алынбаған, ауыл шаруашылығы техникасы жалға алынбаған және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмеген.

"Рашан" ЖШС директоры күдікті деп танылды. Сот санкциясымен оның мүлкіне бұғау салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз