Машинист далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы пойызға мінгізіп алды

Машинист далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы пойызға мінгізіп алды

фото: https://pixabay.com/

Жетісу облысында жүк пойызының машинисі теміржол маңында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, оны локомотив кабинасына мінгізіп алған. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 20 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында болған.

"Пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алды. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады", - деп жазылған хабарламада.

Баланың амандығына көз жеткізгеннен кейін оны Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырған. Станция қызметкері баланың ата-анасымен байланысқан.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз