АҚШ пен Иран арасындағы соғыс 2026 жылғы 3 қарашадағы Конгресс сайлауына дейін аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп осы жаңалықты америкалық NewsNation телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Бұған дейін Ақ үй басшысы журналистерге берген түсініктемесінде соғыс 3 қарашада өтетін сайлаудан кейін бірден аяқталатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Иран бұдан әрі қарсы тұра алмайды.
— Бұл мәселе сайлаудан кейін реттеледі, тіпті одан ерте шешілуі мүмкін, — деді ол.
АҚШ Президенті Иранның Иорданиядағы америкалық базаға жасаған соңғы соққылары аймақтағы Америка ұшақтарына зақым келтірді деген қауесетті жоққа шығарды.
— Жоқ, ешқандай зақым келтірген жоқ, мүлдем шығын болмады, — деді ол.
Kazinform үшін Anadolu агенттігі ұсынған материал.