Гималай мұздықтары бұрынғыдан жылдам еріп жатыр

Гималай мұздықтары бұрынғыдан жылдам еріп жатыр

фото: https://pixabay.com/

Непалдағы мұздықтың опырылуынан болған тасқыннан кейін зерттеу жарияланды. 

Соңғы 10 жылда Гималай аймағындағы мұздық массасының жоғалуы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 65 пайызға жылдамдаған.

26 тамызда Непалдың Қытаймен шекаралас аудандарында 1300-ден астам адамның өмірін қиған тасқын Гималай мұздықтарының жағдайына қайтадан назар аудартты.

Systemiq консалтингтік компаниясы мен Үндістанның Integrated Mountain Initiative (IMI) үкіметтік емес ұйымы бірлесіп дайындаған баяндамада шекті шекке жақындап қалған Гималай аймағында миллиондаған адамға қауіп төніп тұрғаны атап өтілген.

Баяндамада аймақтағы 40 мың мұздықтың тек 0,1 пайызына ғана бақылау жүргізілетіні белгілі болды. Ал тағы бір қауіп факторы болып табылатын тоң қабаты туралы ақпарат тіпті аз.

Үндістан территориясының тек 18 пайызы ғана Гималай аймағында орналасқанына қарамастан, елдегі табиғи апаттардың шамамен 35 пайызы дәл осы өңірде тіркелетіні, бұл мемлекет экономикасына үлкен қауіп төндіретіні атап өтіледі.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз