Елордада "Bala Fest - 2026" - өтеді

Елордада "Bala Fest - 2026" - өтеді

фото: gurk.kz

       Елордада жаңа оқу жылын көңілді бастауға арналған ауқымды балалар фестивалі өтеді.

       «Bala Fest – 2026» 5 қыркүйекте «Астана» саябағындағы Олимпиада сақиналары алаңында ұйымдастырылады. Қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-де басталып, мерекенің ресми ашылуы 15:00-ге жоспарланған.

       Фестивальде балалар робототехника, спорт, шығармашылық және танымдық бағыттар бойынша түрлі сайыстарға қатысады. VEX роботтары, робо-сумо, робофутболмен қатар, асық ату, ләңгі тебу, жерде сурет салу сияқты ұлттық әрі қызықты ойындар да ұсынылады.

       Шарада қауіпсіздік мәселесіне де ерекше мән берілмек. Балаларға жол ережесін сақтау, көшеде сақ болу және жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге мүмкіндігі әртүрлі балалардың да ортақ мерекеге белсенді қатысуына жағдай жасалады.

       Фестивальге 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Сайыстардың үздіктері дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ендеше, «Bala Fest – 2026» – балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастап, өз қабілетін танытатын жарқын мереке болмақ.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз