Дрондар жол ережесін бұзған 20 мыңнан астам жүргізушіні анықтаған

Дрондар жол ережесін бұзған 20 мыңнан астам жүргізушіні анықтаған

фото: https://pixabay.com

Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, қарсы қозғалыс жолағына шығу фактілері бар

2026 жылдың сегіз айында дрондардың көмегімен жол ережесін бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде:

қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзу — 3 198;

көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану — 2 055;

қарсы қозғалыс жолағына шығу — 1 678;

сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу — 1 481;

маневр жасау қағидаларын бұзу — 1 207;

басып озу қағидаларын бұзу — 771;

мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік басқару — 87.

Сонымен қатар 9 мыңнан астам факт жол жүрісі қағидаларын бұзудың өзге де түрлеріне қатысты.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз