АҚШ доллары арзандап жатыр

АҚШ доллары арзандап жатыр

фото: pexels.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен сауда жабылды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы 0,25 теңгеге төмендеп, 444,58 теңге болды, деп жазды ҚазАқпарат агенттігі.  Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми айырбас бағамы 444,88 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Астана тұрғындары айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 443,00 теңгеден сатып, 450,00 теңгеден сатып ала алады. Еуроны 509,00 теңгеден сатып, 519,00 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді 4,95 теңгеден сатып, 5,15 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыда доллар орта есеппен 444,52 теңгеден сатылып, 446,37 теңгеден сатып алынады. Тұрғындар еуроны 509,75 теңгеден сатып, 514,98 теңгеден сатып ала алады. Рубль 5,00 теңгеден сатылып, 5,12 теңгеден сатып алынып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 444,62 теңгеден сатылып, 446,67 теңгеден сатып алынады. Еуро 509,12 теңгеден сатылып, 515,81 теңгеден сатып алынады. Рубль 5,04 теңгеден сатылып, 5,11 теңгеден сатып алынды.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюы импортқа салынатын ҚҚС түсімінің төмендеуіне әсер еткен. Үкімет отырысында Ұлттық экономикалар министрлігінің бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2027 жылға арналған кіріс болжамы бұған дейінгі үш жылдық бюджетпен салыстырғанда бірден 1,3 трлн теңгеге төмендегенін түсіндірді.

— Өткен жылы доллар бағамын 540 теңге деп алған едік. Бүгінгі бағам меніңше, 447 теңге шамасында. Бағамның өзгеруі де айтарлықтай әсер етеді. Тек импортқа салынатын ҚҚС бойынша 90 теңгеден асатын айырмашылықтың өзі бюджетке түсетін түсімнің 700 млрд теңгеден астамын азайтады. Себебі импортталатын тауарлардың теңгедегі құны төмендейді. Доллармен есептегенде олардың бағасы бұрынғыдай болғанымен, теңгеге шаққанда тауар құны арзандайды, — деді Азамат Әмрин.

 

Материал "ҚазАқпарат" агенттігінен алынды. 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз