25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Альцгеймер ауру

Альцгеймер ауру

фото: davinchi-rk.ru

       Ұлттық госпитальдің невролог дәрігері Лаура Хамитжанова альцгеймер ауруы жайлы оқырманға төмендегідей  ақпарат ұсынды. Ми – есте сақтау, бағдардан жаңылу,  сөйлеу, қозғалыс және күнделікті тіршілік әрекеттерін басқаратын орталық.                          

       Альцгеймер ауруы дегеніміз не?

       Ол – жүйке жасушалары мен олардың арасындағы байланыстардың біртіндеп зақымдануына әкелетін ми ауруы. Уақыт өте келе бұл адамға жаңа ақпаратты есте сақтауды, сөйлеуді, жоспарлауды және күнделікті істерді атқаруды қиындата түседі. Сау ми – жүйке жасушалары арасындағы берік байланыстар яғни  есте сақтау және ойлау қабілеті. Альцгеймер ауруы – жасушалар мен  функциялардың біртіндеп нашарлауы. Адамдар не себепті  ұмытады? Жадыны кітапхана іспетті елестетіп көріңіз: Ақпарат →Өңдеу →Сақтау→Еске түсіру.Альцгеймер ауруы кезінде көбінесе  ең алдымен жаңа ақпаратты қабылдап, өңдеу (кодирлеу) қабілеті зардап шегеді. Соның салдарынан адам  жастық шағындағы оқиғаларды анық есіне түсіре алғанымен, сол күні таңертең не болғанын есіне түсіре алмауы мүмкін-дейді дәрігер.

       Сондай-ақ Лаура Хамитжанова төмендегідей алғашқы белгілерге баса назар аударуды ескертті. Адам жақында болған оқиғаларды жиі ұмытып қалады.Бір сұрақты немесе оқиғаны қайта-қайта айта береді.Заттарын жоғалтып алып, оларды қайда қойғанын есіне түсіре алмайды.Кездесулерді, күндерді немесе маңызды оқиғаларды ұмытып кетеді.Күнделікті үйреншікті істерді орындау қиынға соғады.Уақытты немесе таныс жерлерді ажырата алмайды (бағдардан жаңылады).Қарапайым сөздерді табуға қиналады. Ерекше мазасыздық, ашушаңдық немесе күдікшілдік пайда болады.  Маңызды белгі: бұл мәселелер тек кейде ғана емес, біртіндеп күшейіп, күнделікті өмірге кедергі келтіре бастайды.

       Кәдімгі ұмытшақтық па, әлде дәрігерге қаралуға себеп бар ма?

       Кәдімгі ұмытшақтық. Алаңдататын белгі.Кейде адамның есімін ұмытып, кейін есіне түсіреді.Таныс адамды танымай қалады. Кейде кілттерін жоғалтып алады. Заттарды үнемі жоғалтады және оларды қалай қолдану керектігін ұмытады. Күнді ұмытқанымен, жалпы алғанда бағдарлай алады.Қай күн екенін немесе қай жерде жүргенін түсінбейді. Аздап еске салуды қажет етеді. Бұрыннан таныс істі орындай алмайды.                                         

       Ауру қалай өршиді? 

       Бастапқы кезең:ұмытшақтық , жоспарлаудың қиындауы , сөздерді табудағы қиындықтар. Ортаңғы кезең: күнделікті істерде көмек қажеттілігі,  бағдардан жаңылу, мінез-құлықтың өзгеруі.  Соңғы кезең: үнемі күтім қажеттілігі • күнделікті істердің көбіне көмек қажет болуы. Аурудың өршу қарқыны әр адамда әртүрлі болады.                            

       Диагноз қалай қойылады?

       Дәрігер науқаспен және оның туыстарымен әңгімелеседі. Есте сақтау, зейін, сөйлеу, ойлау және бағдарлау қабілеттерін бағалайды. Адамның күнделікті іс-әрекеттерді өз бетінше орындау қабілетін тексереді. Қажет болған жағдайда, мысалы, мидың МРТ немесе КТ сияқты тексерулерін тағайындайды. Есте сақтау және когнитивтік қабілеттердің нашарлауына әкелетін басқа себептерді жоққа шығарады. Диагноз бір ғана тексеру нәтижесіне емес, симптомдар мен тексерулердің жиынтығына негізделіп қойылады.  

       Альцгеймер ауруын емдеп жазуға бола ма?

       Қазіргі заманғы медицина альцгеймер ауруын толығымен емдеп жаза алмайды. Дегенмен, симптомдарды бақылауға, дербестікті сақтауға және кейбір жағдайларда аурудың өршуін баяулатуға көмектесетін дәрі-дәрмектік және дәрісіз емдеу әдістері бар. Емдеу жоспарын дәрігер әр науқасқа жеке тағайындайды. Дәрі-дәрмек қабылдауды немесе тоқтататуды дәрігердің нұсқауымен орындау керек.             

       Науқаспен қалай  қарым-қатынас жасаған дұрыс? 

       Неден аулақ болу керек?  Не істеу керек? «Мен саған мұны жүз рет айттым ғой!» деген сөзді қолданбаңыз. Ақпаратты сабырмен қайталаңыз. Дауласып, қатені бетке басуға болмайды. Назарды басқа арнаға жұмсақ түрде бұру керек. Бірден бірнеше нұсқау беру дұрыс емес. Бір ғана қысқа нұсқау берген жөн. Адамды асықтыруға болмайды.      Жауап беруге уақыт беру керек                   

       Үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету

       Дәрі-дәрмектерді науқас байқаусызда артық  қабылдап қоймайтындай етіп сақтаңыз.  Газ беру жүйесін, плитаны, үтікті және басқа да қауіп төндіруі мүмкін құрылғыларды қадағалап отырыңыз. Есіктің  қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз және адам адасып қалған жағдайда оны тез табу мүмкіндігін қарастырыңыз. Жуынатын бөлмеде және баспалдақта құлау қаупін азайтыңыз.  Туыстарының байланыс деректері жазылған картаны алып жүру керек  немесе білекке арналған арнайы білезікті тааққан жөн.

       Отбасы мүшелері не істеу керек?

       Күнделікті режимнің  тыныш болуын қамтамасыз етіңіз. Адамның мүмкіндіктеріне сай келетін физикалық және ой-сана белсенділігін арттырыңыз. Оны қауіпті жағдайларда жалғыз қалдырмаңыз. Дәрігерге тұрақты түрде қаралуды және тағайындалған емдік шаралардың орындалуын қадағалаңыз. Ұйқысын, тамақтануын, көру және есту қабілетін, сондай-ақ жалпы денсаулық жағдайын бақылауда ұстаңыз. Өз денсаулығыңыз бен күйіңізді де ұмытпаңыз,   деменциямен ауыратын адамға күтім жасау өте көп күш-жігерді талап етуі мүмкін.                     

       Дәрігерге қай уақытта  қаралу керек?

       Егер есте сақтау немесе ойлау қабілеті айтарлықтай нашарлап, күнделікті өмірге кедергі келтіре бастаса, дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.Егер сананың шатасуы кенеттен  әсіресе бірнеше сағат немесе күн ішінде пайда болса, мұны альцгеймер ауруының қалыпты белгісі деп санауға болмайды.  Дегенмен, шұғыл медициналық тексеру қажет.                                

       Негізгі тұжырымдар.

       Альцгеймер — ми ауруы, бұл «жай ғана кәрілік» емес.  Ауру белгілері байқалғанда ертерек дәрігерге жүгіну оның себебін уақтылы анықтауға көмектеседі. Сабырлылық, қауіпсіздік және қолдау көрсету өте маңызды. Отбасы мүшелеріне де көмек пен қолдау қажет.Естеріңізге саламыз! Бұл ақпарат тек танымдық мақсатта ұсынылған және дәрігердің  кеңесін алмастырмайды! 

       Ұлттық госпитальдің журналисі Жазира Зәкірқызы

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз