Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізушілер арасында болған жол жанжалы түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Жарияланған бейнекадрларда жанжалға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді, деп хабарлады Полиция кз. depositphotos.com
Аталған факт бойынша полиция тарапынан дереу сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полиция жолдағы кез келген жанжалды жағдайлар тек заң аясында шешілуі тиіс екенін еске салады. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Фото әлеуметтік желіден алынды.
Жарақат алған жүргізуші жол талғамайтын көлікке жол беруге міндетті емес еді
Оқиға кеше Алматыда Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан “Forum” сауда үйі маңында ды. Өз жолымен келе жатқан жүргізуші қарсы бағыттағы джипті жібермегені үшін соққыға жығылды. Артынан қуып жетіп, сөзге келместен жұдырық жұмсаған жүргізуші алпысты алқымдаған адам боп шықты. Бейнекамераға түскеніне қарамастан ес-түссіз жатқан адамды тастап, қашып кетеді. Мұндай әрекетті күтпеген жігіт басымен асфальтқа құлап талып қалды.
Алматыда жол талғамайтын қара көлікке мінген жүргізуші Сейфуллин даңғылының бойында өзіне жол бермеген басқа жүргізушіні сабап кетті. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, жарақат алған жүргізуші жол талғамайтын көлікке жол беруге міндетті емес еді. Ал қол көтерген азамат жедел медициналық жәрдем шақырудың орнына жәбірленушіні шетке сүйреп апарып, кетіп қалды.
Бұл кадрларды қарап отырып, Әл-Фараби көшесіндегі жарыс көлігінің қатысуымен болған қайғылы жол-көлік оқиғасы есіме түсті. Бұл әлеуметтік артықшылықтың және заң мен басқалардың құқықтарын елемеу арқылы өзін көрсетуге деген ұмтылыстың көрінісі. Жол талғамайтын көлік жүргізушісінің кәсібі мен әлеуметтік мәртебесі белгісіз. Бірақ қандай да бір себептермен ол басқалардың оған жол беруге міндетті екеніне сенімді және «құрметке» ие болу үшін жұдырықтарын пайдалануға дайын сияқты, деп күйініп жазды Талғат Қалиев.