Жаздың соңғы күндері: ауа райы қандай?

Жаздың соңғы күндері: ауа райы қандай?

фото: dauletten.kz

       Жаздың соңғы күндері: ауа райы қандай?«Түскі әуен» ақпараттық-сазды сағатымыздың соңында алдағы күндердегі ауа райына да назар аудара кетейік.

       Солтүстік пен шығыс өңірлерде күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жаңбыр күшейіп, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Ал шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында 26-27 тамыз күндері түнде жаңбырдың арты қар аралас жаңбырға ұласуы ықтимал.

       Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы күтіледі.

       Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады. Солтүстікте ауа температурасы күндіз 25-32 градус, орталық пен оңтүстікте 25-35 градус шамасында сақталады. Шығыста күн 20-31 градусқа дейін жылынады.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз