Ұлытауда 1 млрд теңгенің марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды

Ұлытауда 1 млрд теңгенің марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды

фото: https://pixabay.com/

Оқиға орнында толыққанды тау-кен байыту кешені іске қосылған

Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіріп, өңдеумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Оқиға орнында ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары қолданылған толыққанды тау-кен байыту кешені іске қосылған.

"Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған", - дейді агенттік.

Тергеу дерегінше, өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған.

Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз