Сатушысы жлқ дүкендер. Бұл қалай сонда?

Сатушысы жлқ дүкендер. Бұл қалай сонда?

фото: pexels.com

Оңтүстік Корея сатушысыз дүкендердің саны бойынша рекорд орнатты. Былтыр елде осындай 12 мың сауда орны жұмыс істеген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дегенмен де, мұндай нысандардың жабылуы да жиі кездеседі.  Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету дүкенінде ТМД елдерінің өнімдері сатылады. Оның танымал болуының себебі ол орналасқан көшеде бірнеше өзбек мейрамханасы бар. Адамдардың көбі бұл жерге түнде келеді, өйткені осы уақытта басқа сауда нүктелері жабық болады. Сатушыға жалақы төлеудің қажеті жоқ болғандықтан, сауда нүктесі тиімді - дейді оның иесі. 

Сардор Әбдіназаров, өзіне-өзі қызмет көрсету дүкенінің иесі: - Сатушының көңіл-күйі болмай, тұтынушыға назар аудармай, дөрекілік танытуы мүмкін. Сөйтіп сатып алушылардың көңілін қалдыруы ықтимал. Ал егер ешкім болмаса, адамдар келіп өздері алаңсыз таңдап алады. Оның үстіне сатушысы бар дүкенге кірсеңіз бір нәрсе сатып алуға міндетті сияқты сезінесіз.

Тәулік бойы жұмыс істеу режимі - сатушысыз дүкеннің басты артықшылығының бірі. Тауарлар көп, бірақ спирттік ішімдіктер мен темекіні таба алмайсыз. Корея заңдары бойынша мұндай өнімдерді кәмелетке толмағандарға сатуға болмайды, сондықтан жастар жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Ал сатушысыз дүкенде мұндай бақылауды орнату қиын болғандықтан, алкоголь мен темекі сатуға тыйым салынған. 

Қазақстаннан келген Батырбековтер отбасы осы жылдың басында дүкен ашқан. Асланбек пен Ольга сатушысы бар дүкендер автоматтандырылған сауда орындарымен салыстырғанда әлдеқайда көп пайда әкеледі деп есептейді. Олар  жанымызға сатып алушылармен тікелей сөйлесіп, қажет тауарларын ұсыну әлдеқайда жақын дегенді айтады.  

Асыланбек Батырбеков, кәсіпкер: - Осылай сатқан бізге ыңғайлы. Жаңағы Ольга айткандай, сөйлесіп, сұрап, содан кейін, енді тауарды бізге көп сату керек. Көп сатуға қарағанда енді өздеріміз тұрғандарымыз дұрыс болады. Көбісі кешкісін отбасымен, семьясымен келетін адамдар көп. Кәдімгі көбінесе семьясымен келетін адамдар көп. Таңертең енді көбінесе асығып жұмысқа кетіп бара жатқан адамдар. 

Со Ён Кыль, Ансонг қаласының тұрғыны: - Маған адамдармен қарым-қатынас жасаған ұнайды. Білесіз бе, тіпті мейрамханаларға барғанымда, қазір бәрі автоматтандырылған - бұл көңіліңді түсіреді. Егер осылай жалғаса берсе, әлем құриды. Менің өмірлік тәжірибемнен түйгенім сатушылар болғаны дұрыс, адамдар бір-бірімен араласуы керек.

 Сатушысыз дүкендердің тағы бір кемшілігі - ұрлық. Кореяның Ұлттық полиция агенттігінің мәліметінше, мұндай сауда орындарында ұрлық бірнеше есе артқан. Егер 2021-ші жылы осындай 3 514 жағдай тіркелсе, былтыр 10 мыңнан асты. Дегенмен мұндай дүкендердің иелері мәселені қосымша бейнекамералар арқылы шешуге болатынына сенімді. Кейінгі уақытта Кореяда гибридті дүкендер пайда бола бастады. Оларда жұмыс уақытында сатушы болып, ал кешкі сағат алтыдан таңға дейін адамды автомат алмастырады.

 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз