Өскеменде дауыл мен жаңбыр салдарынан жарық өшіп, көшелерді су басты

Өскеменде дауыл мен жаңбыр салдарынан жарық өшіп, көшелерді су басты

фото: Өскемен қаласы әкімдігі/kaz.inform.kz

Өскемен қаласында қатты желден бірнеше шағын аудан халқы жарықсыз қалды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалада қолайсыз ауа райынан, атап айтқанда қатты жел, нөсер жаңбыр және бұршақ жаууына байланысты бірқатар ауданда электр энергиясы үзілді. Сонымен қатар ағаштар құлап, кейбір көшелерді су басты.

п Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

- Қазіргі уақытта электр энергиясының уақытша өшуі Ахмер кентінде, 19-шы шағын ауданда, әуежай, Шмелев Лог және «Болашақ» шағын аудандарында тіркелді. Қаланың коммуналдық және апаттық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Құлаған ағаштарды алу, көшелерден суды сору және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

а Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

Қала әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа райы тұрақталғанға дейін аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауға және ағаштар мен электр желілерінің маңында жүрмеуге шақырды.

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз