Орманға кірудің жаңа тәртібі

Орманға кірудің жаңа тәртібі

фото: yandex.kz

       Алдағы күзден бастап «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында екі жаңа бақылау-өткізу бекеті жұмысын бастайды. Осы өзгеріске байланысты резерватқа кіру бұдан былай ақылы негізде жүзеге асырылмақ.

       Бірінші бекет Садықашы ауылы бағытындағы жол мен «Ғабдул Уахит Хазірет» туристік бағытына қойылады. Ал екінші бақылау орны Жаңауыл ауылындағы Бауыртал орманшылығы аумағында орналасады.

       Резерват әкімшілігінің мәліметінше, кіру ақысы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес алынады. Келушілер төлемді QR-код арқылы онлайн жүргізе алады. Төлем жасалғанын растайтын түбіртекті бақылау бекетінде көрсету қажет.

       Ал резерват аумағында орналасқан елді мекендердің жергілікті тұрғындары тиісті тіркеу құжатын ұсынған жағдайда кіру ақысын төлеуден толық босатылады. Бұл талап табиғи аумақты қорғау мен келушілерге қолайлы жағдай жасауды қатар көздейді.

       Айта кетейік, «Ертіс орманы» — табиғаттың талай сырын сақтап тұрған ерекше мекен. Жуырда мұнда сирек кездесетін түйесіңір өсімдігі де табылған еді. Табиғи байлықты қорғау — ортақ міндет, ал орманға сапар әрдайым жауапкершіліктен басталатынын естен шығармайық.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз