Моңғолияда бензин сатуға уақытша шектеу енгізілді

Моңғолияда бензин сатуға уақытша шектеу енгізілді

фото: © РИА Новости / Константин Михальчевский

Моңғолия билігі бензин сатуға уақытша шектеу енгізді. Тамыз айының ортасына дейін жанармай автокөліктің мемлекеттік нөмірінің жұп немесе тақ болуына қарай сатылады. Сонымен қатар бір рет сатып алуға болатын ең жоғары сома 50 мың тугрикпен (шамамен 14 доллар) шектелді, деп хабарлайды Montsame.

ҚазАқпарат жазғанындай, шектеулер 4 тамыз күні түнгі сағат 00:00–ден бастап күшіне енді және 15 тамызға дейін жалғасады. Енді жүргізушілер бензинді көлігінің мемлекеттік нөмірінің жұп немесе тақ болуына қарай ғана сатып ала алады. Сондай-ақ жанармай құю бекеттерінде бензинді ыдыстарға құюға тыйым салынды.

Үкімет мұндай шаралар қолдағы жанармай қорын тиімді бөлуге, жанармай құю бекеттеріндегі кезекті азайтуға және ауылдық жерлерді үздіксіз отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорин Дамдиням жанармай тапшылығын мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізудегі жаһандық логистикалық іркілістермен және халықаралық энергетикалық дағдарыспен байланыстырды.

Қорды толықтыру үшін Моңғолия қосымша жеткізу көздерін іздеуге кірісті. Сонымен қатар ел билігі Ресеймен мұнай өнімдерінің экспортын ұлғайту мәселесін талқылап, Оңтүстік Корея үкіметімен және жергілікті мұнай өңдеу кәсіпорындарымен жаңа жеткізілімдер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.


Ақөпарат ҚазАқпарат агенттігінен алынды. 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз