Мақсатым – докторантурада білім алу

Мақсатым – докторантурада білім алу

фото: evolutis.clinic

       Дәрігер невролог Махмұт Мырзахметов – Ұлттық госпитальде жұмыс істеп жүрген білікті мамандардың бірі. Ауруханадағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесімен сұхбаттасқан едік.

       -Қазіргі таңда неврологияда нейрофизиологиялық және нейровизуализациялық әдістердің кең ауқымы қолданылады.Олардың ішіндегі ең маңыздылары әрі қазіргі кезде күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылатындары — МРТ және КТ сканерлері. Бұл технологиялар неғұрлым айқын кескіндерді алу мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.Сондай-ақ электронейромиография мен электроэнцефалография сияқты нейрофизиологиялық әдістер де қолданылады. Олар нақты нейро-бұлшықеттік ауытқуларды анықтауға және әртүрлі эпилепсиялық синдромдарға диагноз қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда осындай  диагностикалық процестің  маңыздысы — операция кезіндегі нейрофизиологиялық мониторинг болып табылады. Ол хирургиялық операция барысында электроэнцефалография немесе электромиография сияқты әдістер кешенін бір мезгілде қолдануға мүмкіндік береді.  Осылай операцияның қауіпсіздігін арттырады және әртүрлі  неврологиялық құрылымдар, сондай-ақ операцияның  ауқымы мен тиімділігі сақтауға көмектеседі. 

       Неврология саласы біраз тереңдеп, нақтырақ айтқанда  мамандану деңгейі артты. Қазіргі таңда кейбір неврологиялық жағдайлармен,  күрделі  аурулармен  біліктілігі жоғары мамандар айналысады. Мәселен, эпилепсия жеке бағыт ретінде бөлініп шықты. Қазір тек осы аурумен ғана айналысатын арнайы мамандар эпилептологтар бар. Паркинсон ауруы мен оған байланысты синдромдар, хореяның әртүрлі түрлері (соның ішінде Хантингтон ауруы) және функционалдық қозғалыс бұзылыстары сияқты қозғалысқа қатысты түрлі ауытқуларды емдейтін Паркинсон ауруы мамандары (немесе қозғалыс бұзылыстары жөніндегі мамандар) бар. Сондай-ақ  ауырсынуды емдеумен ғана айналысатын мамандарды алгологтарды  жеке санатқа жатқызуға болады.

      Келер  жылы мен PhD бағдарламасына түсуді жоспарлап отырмын. Ғылыми-зерттеу жолын таңдау – өзім қабылдаған шешім.  Бұл кәсіби тұрғыдан өсу және  еліміздегі  медицинаның дамуына үлес қосу. Сондықтан мен докторантураға түсуді кәсіби даму жолындағы аса маңызды  қадамым деп санаймын.    

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз