Бортта шамамен 270 жолаушы мен экипаж мүшесі болған
Бүгін таңертең Индонезияның Мадура аралының жағалауында паром өртеніп, бес адам қаза тауып, 41 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиға болған кезде кеме Индонезияның Сурабая портынан Макассар қаласына бара жатқан.
Бортта шамамен 270 жолаушы мен экипаж мүшесі болған, олардың 225-і құтқарылған.
"Индонезияның Мадура аралының жағалауында паром өртенгеннен кейін кемінде бес адам қаза тауып, 41 адам хабар-ошарсыз кетті", - делінген агенттіктің мәлімдемесінде.
Агенттіктің мәліметінше, өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Құтқарушылар жоғалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр.
Дерек көзі:https://sputnik.kz