Ер адам 9 мың метр биіктікте ұшақ есігін ашпақ болған

Ер адам 9 мың метр биіктікте ұшақ есігін ашпақ болған

фото: pixabay.com

Малайзиядан Үндістанға ұшып бара жатқан 36 жастағы Джамшир Атаникал 9 мың метр биіктікте ұшақтың апаттық шығу есігін ашпақ болған. Оның айтуынша, бұл оған қызық көрінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының The Sun-ға сілтеме жасап жазуынша, әлеуметтік желіде тараған видеодан экипаж мүшелерінің үрейленген жолаушылардың көз алдында ер адамды тоқтатуға тырысып жатқанын көруге болады.

Басылымның мәліметінше, Атаникал апаттық шығу есігін ашпақ болған кезде айналасындағыларға қоқан-лоқы көрсеткен.

Ақырында экипаж мүшелері мен бірнеше жолаушы бұзақыны ұстап, қолын пластик байламмен байлап тастаған. Кейін ол қамауға алынды.

Ер адам үйіне жаңа туған сәбиін көру үшін ұшып бара жатқан.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз