Енді ит пен мысықтарды тастап кете салуға болмайды

Енді ит пен мысықтарды тастап кете салуға болмайды

фото: depositphotos.com

       Қазақстанда үй жануарынан бас тартқан иесі оны жай ғана көшеге тастап кете алмайды. Жаңа талап бойынша жануарды баспанаға, уақытша ұстау пунктіне немесе оны асырауға жағдайы бар басқа адамға беру міндеттеледі. 

       Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығында егер жануардың иесі немесе оған жауапты адам оны әрі қарай асырай алмаса, оны жаңа орынға орналастыруға тиіс екені айтылған.

       Яғни оны жануарларға арналған баспанаға, уақытша ұстау пунктіне тапсыруға немесе жануарды ұстауға жағдайы бар жеке не заңды тұлғаға беруге болады.

       Егер жануар уақытша ұстау пунктіне тапсырылса, бұрынғы иесі оның әрі қарайғы жағдайы анықталғанға дейін асырау шығындарын төлеуге міндетті.

"Жануардан бас тарту – үй жануарының иесі немесе оған жауапты адамның жануарға қатысты міндеттерін тоқтатпайды. Мұндай міндеттер жануарға меншік құқығы басқа адамға өткенге, жануар баспанаға берілгенге немесе уақытша ұстау пунктіне тапсырылған жағдайда оның заңды тағдыры анықталғанға дейін сақталады", – деп жазылған құжатта.

       https://stan.kz/

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз