Дрондарды қолдану аясы кеңейді

Дрондарды қолдану аясы кеңейді

фото: drones.com

       Шығыс Қазақстан облысында өздігінен ұшатын аппараттарды басқарудың орталықтандырылған жүйесі енгізілді. 

       Өңірде дрон ұшыратын бағдарламашылар мен ұшқыштардан құралған арнайы мақсаттағы жедел штаб жұмыс істейді. Олар күнделікті қашықтан басқарылатын аппараттарды игеру дағдыларын дамытып, күрделі тапсырмаларды орындайды. Орманда жоғалып кеткен туристерді іздеп, жергілікті жердің топографиялық картасын жасайды. 

       Өңірде жыл санап ұшқышсыз аппараттарды қолдану аясы кеңейіп келеді. Әсіресе полиция мен төтенше жағдай қызметінде көмегі көп. Ал оларды басқаратын операторлар осы орталықта дайындалады. Себебі ұшу аппаратын игеру үшін тәжірибе мен ептілік қажет. Ұшу барысында желдің бағыты мен жылдамдығын, жер бедерін алдын ала бақылап отыру маңызды. 

       Тау-тас пен қалың орманда адасқан туристерді іздестіруге де дрондар өте тиімді, - дейді мамандар. Ұшу аппаратында орнатылған жарық сигналы адасқан жолаушыларға бағыт-бағдар береді. Сәуір айынан бері арнайы топтың операторлары 64 мәрте дрон ұшырып түрлі көмек көрсеткен. 

       https://24.kz/kz/

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз