Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында ел намысын қорғайды. 46-шы дүниежүзілік дода 15–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді.
Халықаралық шахмат федерациясы жариялаған тізімге сәйкес, ұлттық құраманы әлемдік рейтингтің үздік бестігіндегі шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барады. Сондай-ақ құрама сапында Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Эльназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева бар.
Қатысушылар рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы турнирді төртінші реттік нөмірмен бастайды. Ел құрамасына сәттілік тілейміз!