Әлем шыңындағы қазақ рухы

Әлем шыңындағы қазақ рухы

фото: www.instagram.com

       Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, ұлттық мәдениетіміз бен конституциялық құндылықтарымызды әлемге танытуға бағытталған тағылымды жоба кезекті белесін бағындырды. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртісі Әлібек Қайырбек Памир тау жүйесіндегі теңіз деңгейінен 6 мың 148 метр биіктіктегі Раздельная шыңына көтеріліп, өзімен бірге Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен қасиетті домбыраны алып шықты.

       Бұл сапар «Әлем шыңдарындағы домбыра» халықаралық мәдени-патриоттық жобасы аясында жүзеге асты. Жобаның басты мақсаты – Қазақстанды, оның бай мәдени мұрасын, мемлекеттік рәміздерін және ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау. Осылайша қазақтың төл өнері мен елдік рухы әлемнің ең биік нүктелерінде де асқақ үн қатуда.

       Раздельная шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақтың күйлерін орындап, Ата Заңымызды биікке көтерді. Сондай-ақ халықаралық экспедициялар кезінде түрлі мемлекеттен келген альпинистерге Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері және Конституциясының маңызы туралы кеңінен әңгімелеп келеді.

       Айта кетейік, өнер иесі бұған дейін де Еуропа, Африка, Гималай, Тянь-Шань және Памирдің биік шыңдарын бағындырып, қазақтың күй өнерін дүниежүзіне таныстырып жүр. Ал былтыр, Конституцияның 30 жылдығына орай, тұңғыш рет еліміздің Ата Заңын Гималайдағы Айленд-Пик шыңына шығарса, биыл осы игі дәстүрді Памир төрінде жалғастырып, ел мерейін тағы бір мәрте асқақтатты.

       Ақпарат дереккөзі: Aikyn.kz алынды.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз