65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексеруден өтуге міндетті

65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексеруден өтуге міндетті

фото: https://pixabay.com/

25 тамыздан бастап 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуге міндетті

Ішкі істер министрігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 65 жастан асқан жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өту тәртібін түсіндірді. "65 жастан асқан жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өтуі 2014 жылдан бастап қолданыста. 25 тамыздан бастап тек бір ғана өзгеріс күшіне енеді, егер жүргізуші медициналық тексеруден уақытылы өтпесе, жүргізуші куәлігінің күші автоматты түрде және уақытша тоқтатылады", - дейді Шыңғыс Әлекешев.

Оның айтуынша, 65 жасқа толған адам бірден медициналық тексеруден өтудің қажеті жоқ.

"Медициналық тексеруден 67 жасқа дейін өтуге болады. Одан кейін берілетін медициналық анықтама екі жылға дейін жарамды. Келесі медициналық анықтаманы 69 жасыңызда, 71 жасыңызда, яғни осы тәртіппен жалғаса береді", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Әлекешевтің сөзінше, емханаларға жаппай барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Медициналық тексеруден кез-келген медициналық мекемеден: мемлекеттік немесе жекеменшік емханалардан өте беруге болады. Тіпті, тұрғылықты жері бойынша, болмаса басқа қаладан да өте алады. Ең бастысы медициналық ұйымның мұндай тексеруді жүргізуге рұқсаты мен мүмкіндігі болуы керек.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз