12 мыңнан аса камера білім ордаларын бақылайды

12 мыңнан аса камера білім ордаларын бақылайды

фото: взято с сайта ksm.kz

Астананың білім беру ұйымдарындағы 12 мыңнан астам бейнекамера жедел басқару орталығына қосылды.

Қазір қаладағы 224 білім беру ұйымынан бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері жедел басқару орталығына қосылған. 

Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары бар. Жалпы жүйеге 12 мыңнан астам бейнекамера шығарылған.

Астанада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейнебақылау жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жүйе білім беру ұйымдарындағы жағдайды тұрақты бақылауға, ықтимал құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және оқиға болған жағдайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында орнатылған дабыл түймелері төтенше жағдай туындаған кезде полицияға шұғыл хабар беруге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен білім беру ұйымдарында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Негізгі анықталған фактілер қатарында төбелес, шылым шегу және спирттік ішімдік ішу жағдайлары бар.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз