Қазақстанда цифрлық төлем қарқыны күшейді

Қазақстанда цифрлық төлем қарқыны күшейді

фото: https://aikyn.kz

       Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қарқыны тұрақты өсіп келеді. Ұлттық банк төрағасы орынбасары Бинұр Жәленовтің мәліметінше, өткен жылдың қорытындысында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 90 пайыздан асып, елді бұл көрсеткіш бойынша өңірдегі алдыңғы қатарға шығарды.

       Оның айтуынша, 2016–2025 жылдар аралығында қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 1,6 трлн теңгеден 188 трлн теңгеге дейін ұлғайып, шамамен 116 есеге артқан.

       Сонымен қатар, төлем инфрақұрылымы да айтарлықтай кеңейді. Соңғы он жылда елдегі POS-терминалдар саны 1,3 миллионға жетті.

       Ұлттық банк мұндай өсімді мемлекеттік цифрландыру саясатының жүзеге асуы, азаматтардың цифрлық қаржы сервистерін кеңінен пайдалануы және банк секторындағы бәсекенің артуымен байланыстырады.

      Айта кетейік, 17 шілдеден бастап Қазақстанда банкаралық QR арқылы төлем жасау сервисі іске қосылды. Ал 19 шілдеден бастап бірыңғай QR жүйесіне қатысу барлық екінші деңгейлі банктер үшін міндетті болады.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз