Майлы дақылдар көлемі рекорд жаңартты

Майлы дақылдар көлемі рекорд жаңартты

фото: https://dknews.kz

       Қазақстанда майлы дақылдардың егіс алқабы биыл 4,3 млн гектарға жетіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңесте мәлім болды.

       Ведомствоның мәліметінше, егіс алқаптарын әртараптандыру аясында мал азықтық дақылдардың көлемі 3,3 млн гектарға, жүгері егісі 253,4 мың гектарға дейін ұлғайған. Ал бидай алқабы 125 мың гектарға қысқартылып, күріш пен мақта егістігі оңтайландырылды.

       Соңғы үш жылда дәнді дақылдардың үлесі 73 пайыздан 66 пайызға дейін төмендесе, майлы дақылдардың үлесі 18 пайызға дейін өскен.

       Қазіргі таңда дәнді және майлы дақылдардың 99 пайыздан астамының жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп бағалануда. Еліміздегі астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30,7 млн тоннаны құрайды, бұл жаңа өнімді толық қабылдауға мүмкіндік береді.

       Министр Айдарбек Сапаров өңірлерге егін орағына дайындықты күшейтіп, элеваторлар мен логистикалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз