Лайк үшін заң бұзбаңыз: қауіпті видео түсіргендер жауапқа тартылды

Лайк үшін заң бұзбаңыз: қауіпті видео түсіргендер жауапқа тартылды

фото: pixabay.com

Бірсарынды өмір, ақша тапшылығы. Кейде әлеуметтік желі бұл тығырықтан шығудың мүмкіндігіне айналады. Блогердің көздегені суреттегідей өмір, даңқ пен ақша ма? 

Жұрт назарын аударатын көрініс түсіру табыс табудың ең оңай тәсілдерінің бірі, себебі жарнама құны қыруар қаржыға бағалануы  ықтимал. Жазылушылар неғұрлым көп болса,жарнама бағасы да тиісінше қымбат болады. Сондықтан ақшаға құныққан кейбір блогерлер видеоларда және тікелей эфир барысында кейде ойламаған жерден апатқа ұшырайды, олар кейде біреулерді ұрып-соғады, басқа біреудің ар намысына тиеді.

Елімізде блог жүргізу жаңадан пайда болған кезде, мазмұн талап сай болды - әлеуметтік бейнелер, бейкүнә әзілдер, сауалнамалар. Уақыт өте келе бәрі күрт өзгерді.

Бұған мысал ретінде жақында болған бір ғана оқиған айта кетсек болады. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорған қаласының 19 жастағы тұрғынының автокөлікпен келе жатып, ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау кезінде көліктің терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған бейнероликті анықтады, деп жазды Polisia.kz.

 Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық азаматты анықтады. Қыз ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны және жол таңбасының талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Полиция әлеуметтік желідегі танымалдылыққа ұмтылу заң талаптарын бұзуға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауға тиіс екенін еске салады. Мұндай әрекеттер қатысушылардың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ заң талаптарын бұлжытпай сақтауды, қоғамдық тәртіп пен өзара құрметті нығайтуды көздейтін "Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде тұрақты түрде жүргізілуде. 

Полиция жастарды, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Айналаңызға үлгі болудың ең дұрыс жолы – лайк пен қаралым үшін қауіпті әрекет жасау емес, заңды құрметтеу, қоғамға және табиғатқа жанашырлық таныту.

Ақпарат көзі Polisia.kz. 

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз