Күнде қуатты жарқыл тіркелді

Күнде қуатты жарқыл тіркелді

фото: https://pixabay.com/

Табиғи құбылыс 11 минутқа созылған.      

20 шілдеде Күнде қуаттылығы M2.5 санатына жататын жарқыл тіркелді. Мамандар оның Жердің геомагниттік жағдайына әсер етуі мүмкін екенін жасырмайды.

Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, жарқыл Мәскеу уақытымен сағат 17:36-да, ал Астана уақытымен 20:36-да тіркелген.

Мамандардың сөзінше, рентген диапазонында 4489 (S04W22) күн дақтары тобында болған жарқылдың қуаты M2.5 деңгейінде.

M санатындағы жарқылдар қуаты жағынан X санатынан кейінгі екінші орында тұр. Мұндай құбылыстар кей жағдайда Жердің магнит өрісіне әсер етуі мүмкін.

Осыған дейін 22 шілдеде Жерде магниттік дауылдар болуы ықтимал екені хабарланған еді.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз