ІІМ талапкерлерге маңызды ескерту жасады

ІІМ талапкерлерге маңызды ескерту жасады

фото: ortalyq.kz

       Ішкі істер министрлігі ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын мәлімдеп, талапкерлер мен олардың ата-аналарын сақ болуға шақырды.

       Министрліктің мәліметінше, мұндай хабарламалардың ІІМ-ге ешқандай қатысы жоқ және олар жалған ақпарат болып саналады.

       Қазіргі уақытта ведомстволық оқу орындарына қабылдау науқаны әлі аяқталған жоқ. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңі жалғасуда, ал талапкерлерді қабылдау белгіленген кестеге сәйкес 15–25 шілде аралығында жүргізіледі.

       Қабылдау қорытындысы барлық іріктеу кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана «Qyzmet police» ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

       ІІМ сондай-ақ «Qyzmet police» жүйесі талапкерлерге оқуға қабылданғаны жөнінде SMS-хабарлама жолдамайтынын ерекше атап өтті.

       Осыған байланысты министрлік азаматтарды күмәнді хабарламаларға сенбеуге, ондағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге және тек Ішкі істер министрлігінің ресми ақпараттарына ғана жүгінуге шақырды.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз