Ішкі істер министрлігі амнистия туралы заңның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.
1 шілдеде Президент жаңа Конституция қабылдануына орай амнистия туралы заңға қол қойылғаны белгілі. Ведомство мәліметінше, амнистия қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін және азаматтардың құқығына нұқсан келтірмейтін жағдайларда ғана қолданылады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізілді. Сол арқылы заңда көрсетілген баптар бойынша азаматтар әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды.
Ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қолданылған. Нәтижесінде 1,3 миллионнан аса әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұл есептен шығарылды.
"Амнистия - бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқықбұзушылықтар кезінде жауапкершіліктен босатпайды. Азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады", - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов.
https://massaget.kz/