ЖИ арқылы инсультті 5-10 минутта анықтауға болады

ЖИ арқылы инсультті 5-10 минутта анықтауға болады

фото: https://pixabay.com/

Жүйе бірнеше өңірде енгізілді.

Денсаулық сақтау саласындағы нәтижелі кейстердің бірі – Cerebra AI. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

"Бұл – инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект. Ол компьютерлік томография нәтижесін 30 минуттың орнына 5-10 минут ішінде талдайды. Инсульт диагностикасын едәуір жылдамдатады және дәлдігін арттырады", – деді ведомство басшысы.

Жүйе елордадағы 17 емханада, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында енгізілді.

"2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап инсультке күдігі бар жеті мың алты жүзден астам пациенттің деректері талданды. Өлім-жітім деңгейінің 40%-ға төмендеуі, сондай-ақ уақытылы ем алатын пациенттер үлесінің 150%-ға артқаны байқалады", – деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Жазылу