Жетісулық жас өнертапқыштар Қытайдағы беделді турнирден жүлдемен оралды

Жетісулық жас өнертапқыштар Қытайдағы беделді турнирден жүлдемен оралды

фото: https://kaz.inform.kz/

       Қытайдың Шанхай қаласында өткен халықаралық робототехника турнирінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі бірдей марапатқа ие болды. Жетісу облысындағы дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының «Water7» командасы беделді жарыста үздіктер қатарынан көрінді.

       Жас өнертапқыштар шабыт сыйлайтын жоба аталымы бойынша үшінші орынға ие болып, сондай-ақ қазылар алқасының арнайы сыйлығын жеңіп алды. Байқау барысында қатысушылар роботтарды өздері құрастырып, бағдарламалап, күрделі инженерлік тапсырмаларды орындаған.

       Әлемнің түрлі елдерінен келген мықты командалар бақ сынаған додада жерлестеріміздің жетістігі олардың білімге құштарлығы мен заманауи технологияларды меңгерудегі жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жазылу