Мектеп оқушыларына телефон ұстауға тыйым салынуы мүмкін

Мектеп оқушыларына телефон ұстауға тыйым салынуы мүмкін

фото: pexels.com

Сабақ барысында телефон ұстауға тыйым салынуы мүмкін. Бірақ барлық сыныпқа емес. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы "Қазақстан" қлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, министрлік әзірге 1-7 сынып оқушыларына телефон қолдануға болмайды деген шешімге келген. 

Ал 7-11 сынып оқушыларына рұқсат етілуі мүмкін. Өйткені, олар Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады, дейді Жұлдыз Сүлейменова. 

Алайда, бұл ереже әлі бекітілген жоқ. Қазір министрлік мәселені жан-жақты талқылап жатыр.

Әлемнің елдерде қандай шектеулер бар?

 

Израильде бастауыш сынып оқушыларына ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды

Израиль Білім министрлігі  бастауыш сынып оқушыларына ұялы телефондарды пайдалануға бүкіл ел бойынша тыйым салды. Мектептер үлкен жастағы оқушыларға өз қалауы бойынша шектеулер қояды. Бастауыш сынып оқушыларына мектеп аумағында, соның ішінде үзіліс кезінде телефондарын рюкзактарынан шығаруға тыйым салынады. Смартфонды пайдалануға тек оқу бағдарламасы аясында арнайы сыныптарда рұқсат етіледі. Ел билігі гаджеттер мен «жалғыздық, мазасыздық және әлеуметтік оқшаулану» көріністері арасындағы «тікелей байланысты» көрсететін зерттеулерге сілтеме жасайды.

Франция парламенті 15 жасқа толмаған адамдардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салуды мақұлдады.

Ұқсас шаралар әлемнің көптеген елдерінде қазірдің өзінде қолданылып келеді. Франция мектептерде гаджеттерді пайдалануды шектеген алғашқы еуропалық ел болды. 2010 жылы оларды сабақта пайдалануға тыйым салатын заң қабылданды, ал 2018 жылы 15 жасқа толмаған оқушыларға құрылғыларын қосулы кезде мектепке әкелуге тыйым салу туралы түзетулер енгізілді.

 Италияда ұялы телефондарды пайдалануға бастапқыда 2024 жылы бастауыш мектептерде тыйым салынды, ал көп ұзамай орта мектепті де қамту үшін кеңейтілді. Оған тек ерекше жағдайларда ғана, мысалы, гаджеттер мүгедек немесе оқуда қиындықтары бар оқушылар үшін көмекші құрылғылар ретінде қызмет еткенде немесе басқа жеке қажеттіліктермен негізделген кезде ғана рұқсат етіледі.

Нидерланды да сабақтарда смартфондарды, планшеттерді және ақылды сағаттарды пайдалануға тыйым салды. Үкімет оң әсерін көрсеткен зерттеу жүргізді. Бұл шараның білім беру процесіне әсері жан-жақты қаратырылды. 

Португалияда интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген құрылғыларға, тіпті үзіліс кезінде де тыйым салынады, бірақ мектеп басшылары бұл тәртіпті ұаншалықты қатаңдату керек екенін өздері шешеді.  

АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Испанияда және Германияда жалпы тыйым жоқ, бірақ жергілікті билік органдары нақты шектеулер қояды.

Қытайда 2021 жылдан бастап бастауыш және орта мектеп оқушыларына ата-аналарының жазбаша рұқсатынсыз мектепке телефон әкелуге де тыйым салынады. Мұғалімдерге үй тапсырмасын беру үшін құрылғыларды пайдалануға да тыйым салынады.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз