Илон Маск бір күнде 118 миллиард долларынан айырылды

Илон Маск  бір күнде 118 миллиард долларынан айырылды

фото: Allison Robbert/AFP via Getty Images

Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы «24KZ» сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Bloomberg агенттігі рейтингінің деректеріне сүйенсек, америкалық кәсіпкер Илон Маск байлығы 118 миллиард долларға азайып, 957 миллиард долларды құрады.  

Бұған SpaceX акциялары құнының күрт төмендеуі себеп болды. Жақында компанияның  акциялары бір күнде 10 пайызға арзандаған еді.  

Бизнесмен триллионер мәртебесінде екі аптаға жетпейтін уақыт қана болды. 12 маусымда Bloomberg Масктің дәулеті оның SpaceX корпорациясының акцияларын алғашқы жария орналастырудан (IPO) кейінгі сауданың алғашқы күнінде-ақ триллион доллардан асқанын хабарлаған болатын.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз