Елімізде 40 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде 40 градусқа дейін ыстық болады

фото: pixabay.com

Жаз аптап ыстықпен басталғалы тұр. Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

 Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыс өңірлерде күн 22-24 градустан аспайды. 

Астана, Қарағанды, Павлодар және солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

 Ал Алматы, Шымкент, Қонаев және Талдықорған қалаларында 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Түркістан облысында сынап бағаны 40 градусқа дейін көтерілмек.

 Осыған байланысты мамандар тұрғындарға күннің ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге және барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Жазылу