Дүлей дауыл Жапония астанасын әбігерге салды

Дүлей дауыл Жапония астанасын әбігерге салды

фото: Pexels.com

Бүгін таңертең «Чанми» тропикалық дауылы Жапония астанасы Токиоға соққы берді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлдайды. 

 Жауындатып жеткен тайфуннан мегаполис орталығындағы Мегура өзені арнасынан тасып жатыр. 

Токионың Ханеда және Нарита әуежайларында 700-дей ішкі және халықаралық рейс доғарылған. Өзге бір мәліметке қарағанда, елдің оңтүстік батысындағы, шығысындағы және орталығындағы сегіз прфектурада жүздеген мың тұрғынға эвакуациялануға кеңес берілді. Өйткен олардың өміріне қауіп төніп тұр. 

Ал жарықсыз қалған үйлер саны 60 мыңға, жараланған адамдары қатары 16-ға жетіп отыр.

 

Жазылу